ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ
"Самара-Шымкент" тас жолы бойында қызмет көрсету нысандары көптеп жұмыс жасайды. Әсіресе, кемпингтердің басым бөлігі Әйтеке би ауданына қарасты Қарабұтақ ауылында орналасқан. Көлік қозғалысының көптігі жүргізушілер мен жолаушыларға, оның ішінде шетел азаматтарына қолайлы жағдай жасауды, атаулы нысандардың санын арттыруды қажет етеді. Қазіргі таңда бұл бағыттағы жұмыстар белсенді түрде жүргізілуде.