Негізгі Жаңалықтар ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП 

ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП 

Облыста интернет-алаяқтықтың 700-ден астам дерегі тіркелген. Алаяқтардың арбауына түсіп, сан соғып қалмау үшін өңірдегі білім беру ұйымдарында профилактикалық кездесулер жиі өтеді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқушыларға құйтұрқылардың кең таралған тәсілдерін түсіндіріп, цифрлық кеңістікте жеке деректерін қорғау жолдарын үйретуде. Кездесу барысында бөгде адамдарға SMS арқылы келген кодтарды, құпиясөздер мен банк картасының деректерін бермеуді ескертті. Сондай-ақ күмәнді сілтемелерге өтпеу және оңай олжаға кенелуге уәде беретін ұсыныстарға сенбеу қажеттігі айтылды. 

Бөлісу