ТАЗА ҚАЗАҚСТАН- ОРТАҚ МІНДЕТ
"Таза Қазақстан" жалпыұлттық бастамасы аясында қаладағы еңбек ұжымдары сенбілікке шықты. Астана ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен экологиялық акцияға Есет батыр, Шәмші Қалдаяқов, Тургенев көшелері мен Абай даңғылы бойында орналасқан білім беру ұйымдары, медициналық мекемелер мен өзге де кәсіпорын қызметкерлері қатысып, қала тазалығына өз үлестерін қосты.