Негізгі Жаңалықтар «ЕЛІМАЙ» – «АҚТӨБЕ» 1:3

«ЕЛІМАЙ» – «АҚТӨБЕ» 1:3

Өткен сенбіде "Ақтөбе" футбол клубы Қазақстан Премьер-лигасының 28-ші туры аясында сырт алаңда семейлік "Елімаймен" кездесті. Матч «ақ-қызылдардың» сенімді жеңісімен аяқталды. Ойынның 15-ші минутында есеп ашылды. Бұрыштамадан кейінгі допты «Ақтөбе» ойыншысы Темірлан Ерланов қақпаға дәл бағыттады. Екінші таймның басында ағылшындық вингер ОлувасейИ Оджо есеп айырмасын ұлғайтты. Кездесудің соңына қарай ақтөбеліктердің капитаны Бағдат Қайыров автогол соғып алды. Араға алты минут салып, Артур ШуШеначев матчтағы соңғы голды енгізді. Қорытынды есеп – 1:3. Осы жеңістен кейін «Ақтөбе» 45 ұпай жинап, ел біріншілігінің турнирлік кестесінде төртінші орынға көтерілді. 


Бөлісу