Негізгі Жаңалықтар КҮЙ-ҚАРШЫҒА 

КҮЙ-ҚАРШЫҒА 

Қазақстанның ха­лық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қар­шыға Ахмедияровтың туғанына биыл - 80 жыл. Осы орайда Өнер орталығында дәулескер күйшіні еске алуға арналған «Күй – Қаршыға» атты өнер кеші өтті. Мәдени шарада күйшінің шығармашылық мұрасы насихатталып, туындылары орындалды. Ахмет Жұбанов атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі және өзге де өнер майталмандары талантты тұлғаның туындыларын көпшілікке тарту етті. Еске алу кешіне Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерболат Ахмедияров пен ҚР Мәдениет саласының үздігі Салтанат Құдайбергенова қатысты. Қаршыға Ахмедияров – қазақтың дәстүрлі күй өнерін биік деңгейге көтерген біртуар тұлға. Оның орындаушылық шеберлігі мен шығармашылығы ұлттық музыканың алтын қорынан орын алды.


Бөлісу