БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Облыстық қоғамдық кеңестің кезекті кеңейтілген отырысы өтті. Жиында білім беру саласын дамытуға қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, «Дара бала» бірыңғай өңірлік білім беру порталын іске асыру барысы қаралды. Платформа балалар мен ата-аналарға арналған. Қазіргі таңда портал аясында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ваучерлік қаржыландырудың пилоттық жобасы жүзеге асырылуда. Жобаға 241 балабақша қатысып, ваучерлік қаржыландыру жүйесімен 26 мыңға жуық бала қамтылған. Бұдан бөлек, отырыста білім беру ұйымдарының алдағы жылыту маусымына дайындығы да талқыланды.