ҚЫСТАҒЫ ЖОЛ КҮТІМІНЕ 2,5 МЛРД ТЕҢГЕ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН
Аймақта жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы күтіп-ұстауға 381 бірлік арнайы техника әзірленіп, 4,4 мың тоннадан астам көктайғаққа қарсы материал қоры жасақталды. Автомобиль жолдарын қысқы кезеңге дайындау мәселесі облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде қаралды.