ОҚИТЫН ҰЛТ – ОЗЫҚ ОЙЛЫ ҰЛТ
Сақтаған Бәйішев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен «Оқитын ұлт – озық ойлы ұлт» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Кездесу барысында ақын-жазушылар, тіл мамандары мен ұстаздар кітап оқудың маңызы жөнінде ой бөлісіп, жас ұрпақтың рухани дамуына қатысты өз пікірлерін ортаға салды. Эоба қатысушысы Кәмшат Ахметова оқушылардың кітап оқуға деген ынтасын арттырудың тиімді жолдарымен бөлісіп, оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ұсыныстарын жеткізді. Тағылымды шараның түйіні – кітап оқитын ұрпақ қалыптастыру арқылы ойы озық, рухани бай, білімді ұлттың болашағына жол ашу.