ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР - ҚОҒАМ ЖАНАШЫРЫ
Қазан айының соңғы жексенбісі - әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің мерекесі. Олар кімдер? Қандай қызмет атқарады? Күнделікті еңбегімен қоғамдағы қамқорлық пен мейірімнің мәнін ұқтырып жүрген мамандардың жұмысы көпшілікке беймәлім болуы мүмкін. Алайда көмекке мұқтаж жандар үшін олардың әрбір ісі мен жылы сөзі ерекше маңызды.