ТОҚТА, БУЛЛИНГ!
Қаладағы колледждерде буллингтің алдын алу үшін жасанды интеллектпен жабдықталған бейнебақылау жүйесі іске қосылды. Заманауи технология білім алушылар арасындағы жанжал белгілерін анықтап, жауапты мамандарға жедел хабарлама жібереді. Бұл өз кезегінде кикілжіңнің алдын алып, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді