Негізгі Жаңалықтар ЖАСТАРҒА КӘСІП ҮЙРЕТЕТІН ОРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ

ЖАСТАРҒА КӘСІП ҮЙРЕТЕТІН ОРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ

Ақтөбеде даму ерекшеліктері бар жасөспірімдер мен жастарға кәсіп үйрететін оқу-өндірістік комбинат ашылады. Осы мақсатта облыстық білім басқармасы «Bolashak Charity» қоғамдық қорымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Жоба қараша айында Ақтөбе сервис колледжінің базасында іске қосылады. Алғашқы кезеңде 16 мен 23 жас аралығындағы 10 жас кондитер мамандығын меңгереді. Оқу-өндірістік комбинатта білім алушылар алты ай бойы теориялық білім алып, тәжірибелік дағдыларын жетілдіреді. Оқудың үшінші айынан бастап жергілікті наубайханалардың бірінде тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алады. Ал курсты толық аяқтаған жастарға мемлекеттік үлгідегі куәлік табысталады.

Бөлісу