Негізгі Жаңалықтар 5000 ОРЫНДЫҚ СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ 

5000 ОРЫНДЫҚ СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ 

Өңірде бес мың көрерменге арналған әмбебап спорт кешенінің құрылысы басталды. Кешен «Алтын Орда» әлеуметтік-іскерлік орталығында салынып жатыр. Жаңа арена ірі жарыстар, жаттығулар мен бұқаралық іс-шараларды өткізуге жол ашады. Құрылыс жұмыстарының барысымен облыс әкімі Асхат Шахаров танысты. Жоба аясында кәсіби спортшылар мен салауатты өмір салтын ұстанатын тұрғындарға арналған заманауи спорт кеңістігі құрылады. Кешен құрамына 5 мың көрерменге арналған орталық спорт аренасы, 50 метрлік жүзу бассейні, спорттық және көркем гимнастика, баскетбол мен волейбол залдары кіреді. Сондай-ақ жаттығу залы, йога және пилатеспен айналысуға арналған бөлмелер қарастырылған. Ғимараттың жалпы ауданы 31 мың шаршы метрден асады. 

Бөлісу