ТҰТЫНУШЫЛАРҒА 50 МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРАЖАТ ҚАЙТАРЫЛДЫ
Аймақта жыл басынан бері тұтынушылардың 1868 өтініші қаралды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37 пайызға көп. Департаменттің араласуымен тұрғындарға 50 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылған. Көбіне азаматтар тауарды айырбастау мен ақшасын қайтарудағы қиындықтарға, сапасыз қызметке және интернет-дүкендердегі тапсырыстарға қатысты шағымданады. Ал кәсіпкерлерге қатысты 209 әкімшілік шара қабылданып, 5 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды.