Негізгі Жаңалықтар ӨҢІРДЕГІ ФУТБОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ 

ӨҢІРДЕГІ ФУТБОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ 

Сондай-ақ өңір басшысы Асхат Шахаров Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаровпен бірге жаңа стадионның құрылыс алаңы мен жабық футбол манежінде болды. Бұл - Батыс Қазақстандағы бірегей спорт нысандарының бірі. Манеж ауа райына қарамастан, жыл бойы футбол жаттығуларын өткізуге мүмкіндік береді. Ақтөбе облысында спорт инфрақұрылымын дамыту, дене шынықтырумен айналысу мүмкіндіктерін кеңейту және салауатты өмір салтын насихаттау бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Бұл міндеттер Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту және спорт нысандарының қолжетімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында жүзеге асырылып жатыр. Жаңа стадионның құрылысы мен өңірдегі футбол инфрақұрылымын одан әрі дамыту отандық футболды қолдау, жас спортшыларды даярлауға қажетті жағдай жасау және өскелең ұрпақты спортпен тұрақты айналысуға тартуға бағытталған.


Бөлісу