ЖЫЛУ МАГИСТРАЛЬДАРЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ
«Aqtobe su-energy group» АҚ «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Ақтөбе қаласындағы негізгі жылу магистральдарын қайта жаңғыртуда. Жобаның жалпы ұзындығы - 5,2 шақырым. Облыс әкімі Асхат Шахаров пен қала әкімі Азамат Бекет 312-атқыштар дивизиясы даңғылы бойында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Даңғыл бойындағы жылу магистралінің үш учаскесінде жұмыс қарқынды. Нысандарда автокрандар, ұзын өлшемді жүк көліктері, тиегіштер мен монтаждау бригадалары жұмыс істеуде. Облыс әкімі жұмыстардың сапалы әрі уақытылы аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды.