ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ТУЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Ақтөбеде 2027 жылы Астана қаласында өтетін үстел теннисінен әлем чемпионатына арналған таныстыру шарасы өтті. Іс-шара аясында дүбірлі додаға қатысты ақпарат беріліп, чемпионаттың туы таныстырылды. Бұл шара алдағы халықаралық жарыстың маңызын насихаттап, өңір тұрғындарының назарын үстел теннисіне аударуға бағытталған. Қазіргі таңда Ақтөбе облысында үстел теннисі қарқынды дамып келеді. Өңірде спорттың бұл түрімен 27 мыңнан астам бала шұғылданады. Оның 9 мыңға жуығы ауылдық жерлерде жаттығады.