ЖАС ҚҰТҚАРУШЫНЫҢ ЖАУАПТЫ ҚЫЗМЕТІ
Бүгін елімізде Құтқарушылар күні. Бұл - қауіп пен қатерге қарамастан, өзгелердің өмірін сақтап қалу үшін алғашқы болып көмекке ұмтылатын жандардың кәсіби мерекесі. Қаладағы №25 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде өз ісіне адал, кәсібін жетік меңгерген мамандар қызмет етеді. Солардың бірі жас та болса, тәжірибелі өрт сөндіруші Айзат Әліпқалиев.