ЗЕЙНЕТАҚЫ 8,5%-ҒА АРТАДЫ
2027 жылдың бірінші қаңтарынан бастап барлық әлеуметтік төлемдердің мөлшері өседі. Зейнетақы төлемдерін 8 жарым пайызға арттыру жоспарланып отыр. Өсім бірыңғай тәртіппен жүзеге асырылады. Бүгінде облыс бойынша зейнетақы және әлеуметтік төлем алушылар саны үш жүз мыңнан асып жығылады. Оның ішінде жүз мыңы зейнеттегі тұрғындар. Заңдағы бұл өзгерістерге сай қайта құжат тапсырудың қажеті жоқ-деді мамандар.