КӨШЕ ЖОЛДАРЫН ЖАҢҒЫРТУ
Мұғалжар ауданында жол инфрақұрылымын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Биыл бұл бағытта 9 ірі жобаны іске асыру жоспарда. Оның бесеуі аудан орталығы Қандыағаш қаласында қолға алынған. Шаһар ішіндегі көше жолдары жаңғыртылуда.