МҰҒАЛЖАРЫМ — МЕКЕНІМ
Жыл сайын өңірде елімізге танымал әнші-сазгер Аймұрат Мәжікбаевтың шығармашылығын дәріптеуге арналған облыстық ән байқауы өтеді. Дәстүрлі мәдени шара биыл да жалғасын тауып, ерекше мәңге ие болды. Сазгердің туған күнінде, дәулескер өнерпазды еске алу кеші тұңғыш рет оның кіндік қаны тамған туған топырағында — Мұғалжар ауданына қарасты «Егіндібұлақ» ауылында ұйымдастырылды.