ЖАЗЫЛУШЫЛАРМЕН ЖҮЗДЕСУ
Баспасөзге жазылу науқанының басталуына орай облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің ұжымы Пошта ғимаратында ашық есік күнін ұйымдастырып, оқырмандармен жүздесті. Басылымдардың бағыттары, журналистердің жұмысы таныстырылып, қос газеттің тұрақты жазылушыларына құрмет көрсетілді.