ТӘЛІМГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Республика күні қарсаңында қалада тәлімгерлер кеңесінің кезекті отырысы өтті. Бұл жолғы формат ерекше. Іс-шара аясында бірқатар маңызды рәсімдер жүзеге асырылды. Атап айтқанда «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» оқушылармен толықтырылып, ант қабылданды. Сонымен қатар ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, сала ардагерлеріне құрмет көрсетілді.