АҚТӨБЕЛІК ЖАС ФУТБОЛШЫЛАР ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
ҚФФ ұйымдастырған "Жастар" чемпионатынан "Ақтөбе 2014" футбол командасы жүлдемен оралды. Аяқ доп шеберлері алты ай бойы турнирде тартысты бәсеке көрсетті. Жарыс жолында алдымен "Жеңіс" пен "KazAst" командаларын 1:0, Атырауды 3:0, ал "Жайық" командасын 4:2 есебімен жеңіп, финалдық кезеңге жолдама алған болатын. Алайда, шешуші кезеңде Алматылық “Қайрат” футбол клубының жастарынан 1 ұпай айырмасымен жеңіліс тапты. Осылайша, чемпионаттың күміс жүлдесін иеленіп, өңірге олжалы оралды.