БӘКІР ТӘЖІБАЕВ - ҒАСЫР ТҰЛҒАСЫ
Өңірде көрнекті ақын, драматург, әнші-сазгер Бәкір Тәжібаевтың 100 жылдығына арналған тағылымды іс-шаралар жалғасуда. Бүгін "Әлия" патриоттық тәрбие беру орталығының ұйымдастыруымен қалада №45 орта мектепте "Бәкір Тәжібаев - ғасыр тұлғасы" атты кеш өтті. Оқушылар қаламгердің өмірі мен шығармашылығы туралы құнды ақпараттарға қанығып, оның Байғанин аудандық музейінде сақтаулы тұрған жеке заттарымен танысты.