Негізгі Жаңалықтар МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ӘСКЕРИ РЕФОРМА МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ӘСКЕРИ РЕФОРМА МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті. Негізгі мәселе – әскери реформа жоспарының жобасы. Жиында Мемлекет басшысы еліміздегі ауқымды өзгерістерді ескере отырып, қорғаныс саласын реформалау жөнінде ұсыныстар әзірлеуді және оны Қауіпсіздік Кеңесінің қарауына енгізуді тапсырды. Әрі қысқа мерзімде заманауи, ұтқыр әрі технологиялық тұрғыдан озық армия құрудың айрықша маңызына назар аударды. Айта кетейік, аталған реформаның маңызды аспектісі – мерзімді әскери қызметтің екі кезеңнен тұратын үлгісіне көшу. Әскерге шақырылғандар алғашқы алты айда оқу орталықтарында даярлықтан өтеді. Кейінгі алты айда тікелей әскери бөлімдерде қызмет етеді. Бұл кезеңде жауынгерлік даярлыққа және бөлімшелер құрамында міндеттерді орындауға басымдық беріледі. Әскери қызметшілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және құқықтарын қорғауға ерекше назар аудару қажет. Отырыс қорытындысы бойынша Әскери реформа жоспары мақұлданды. Мемлекет басшысы жоспарланған өзгерістерді уақтылы әрі толық жүзеге асыру өте маңызды екенін атап өтті. Жоспардың орындалуын үйлестіру міндеті Үкімет пен Қауіпсіздік Кеңесіне жүктеледі.


Бөлісу