Негізгі Жаңалықтар САЙЛАУҒА ДАЙЫНДЫҚ 

САЙЛАУҒА ДАЙЫНДЫҚ 

29 қарашада Қазақстанда мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Осыған орай сайлаушылар тізімін қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде. Азаматтар өздерінің сайлау учаскесін және тізімдегі деректерін алдын ала тексере алады. Ал уақытша тіркелген тұрғындар үшін өтініш беру мерзімі белгіленген. Сайлаушылар тізіміне дауыс беру күні он сегіз жасқа толған, белсенді сайлау құқығы бар Қазақстан азаматтары енгізіледі. Тізімді азаматтардың тұрғылықты жері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органдар жасақтайды. Бұл ретте азаматтың нақты сайлау учаскесінің аумағында тіркелуі ескеріледі. 

Бөлісу