РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫСТАЛДЫ
Республика күні қарсаңында 25 ақтөбелік мемлекеттік награда алды. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен берілген марапаттарды аймақ басшысы Асхат Шахаров табыстады. Еңбегі еленгендердің қатарында өндіріс озаттары, жұмысшы мамандықтарының өкілдері, ұстаздар мен дәрігерлер бар.