Негізгі Жаңалықтар ҚАРАПАЙЫМ ЕҢБЕК АДАМЫНА ЖОҒАРЫ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДА ТАБЫСТАЛДЫ

ҚАРАПАЙЫМ ЕҢБЕК АДАМЫНА ЖОҒАРЫ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДА ТАБЫСТАЛДЫ

Сондай-ақ, аймақ басшысы денсаулық жағдайына байланысты мемлекеттік наградаларды табыстау рәсіміне қатыса алмаған еңбек ардагері, Марат Үмбетовтің үйіне арнайы барып, оны Мемлекет басшысының атынан ұлттық мерекемен құттықтап, III дәрежелі «Еңбек даңқы» орденін табыстады. Айта кетейік, Марат Үмбетов – қырық жылдан астам еңбек өтілі бар тәжірибелі дәнекерлеуші. Ол еңбек жолында өндіріс және мұнай-газ салаларында жұмыс істеп, кәсіби шеберлігін шыңдаған. 2021 жылы жол-көлік оқиғасына ұшырап, арбаға таңылғанына қарамастан, сүйікті кәсібінен қол үзген жоқ. Бүгінде үйінде түрлі жиһаздар мен бұйымдар жасап, дәнекерлеу ісін жалғастырып келеді. Сонымен кездесуде облыс әкімі жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы орнына тоқталып, адал еңбек пен кәсіби шеберліктің маңызын атап өтті. Ал марапат иесі Марат Үмбетов ризашылығын жеткізіп, елге амандық тіледі.


Бөлісу