Негізгі Жаңалықтар РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ АҚТӨБЕДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ АРДАГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ АҚТӨБЕДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ АРДАГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Республика күні қарсаңында Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров мемлекеттік қызмет саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, өңірдің дамуына елеулі үлес қосқан ардагерлерге ведомстволық наградалар табыстады. Олардың қатарында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісімен Сәния Қалдығұлова, Светлана Успанова және Болат Көптілеу марапатталды. Салтанатты рәсімде Асхат Шахаров ардагерлердің мемлекеттік қызметті қалыптастыру мен дамытуға қосқан үлесін атап өтті. Олардың көпжылдық тәжірибесі, кәсіби жауапкершілігі мен ел мүддесіне адал қызметі кейінгі буын мемлекеттік қызметшілер үшін үлгі екенін жеткізді. Марапат иелерінің атынан Сәния Қалдығұлова сөз сөйлеп, көрсетілген құрмет пен еңбектеріне берілген жоғары баға үшін алғыс білдірді. 

Бөлісу