АЙМАҚ БАСШЫСЫ БІРҚАТАР ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Шаһардың инфрақұрылымы қарқынды дамып келеді. Әсіресе әлеуметтік маңызы бар мекемелер мен жол құрылысына басты назар аударылған. Өткен сенбіде облыс әкімі атқарылып жатқан жұмыстардың барысы мен жаңа нысандардың дайындығын тексеру мақсатында бірқатар орындарды аралады.