Негізгі Жаңалықтар ТӘРТІПТІ ЖАСТАР - ҚАУІПСІЗ БОЛАШАҚ 

ТӘРТІПТІ ЖАСТАР - ҚАУІПСІЗ БОЛАШАҚ 

Заң мен тәртіп қағидаты аясындағы іс-шаралар жалғасуда. Бүгін Ақтөбе политехникалық колледжінде құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен профилактикалық кездесу өтті. Жиынның негізгі мақсаты - кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Іс-шара барысында жауапты тұлғалар жасөспірімдер арасында жиі кездесетін құқық бұзушылық түрлеріне жеке тоқталып, олардың әрқайсысы үшін көзделген әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік шаралары мен заңда белгіленген мерзімдер туралы ақпарат берді. 

Бөлісу