ЭТНОСАРАЛЫҚ ДАУЛАРДЫ ШЕШУДЕГІ МЕДИАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕР
Қалада облыстық Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен этносаралық қатынастар саласындағы медиативтік тәсілдерді дамытуға бағытталған екі күндік семинар-тренинг өтіп жатыр. Бүгінгі кездесуде медиацияны қолданудың халықаралық және қазақстандық тәжірибесіне, сондай-ақ жанжалды жағдайларды шешудің практикалық құралдарына ерекше назар аударылды. Семинарға құзырлы орган өкілдері, облыстық басқарма қызметкерлері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен этномәдени бірлестік мамандары қатысты.