ҚОБДА КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ: КӘСІБИ БІЛІМГЕ БАСТАР ЖОЛ
Мамандықты меңгеру үшін теорияны білу аз, тәжірибе де маңызды. Әсіресе, қолынан іс келетін, жаңа технологияны игерген білікті кадрларға сұраныс жоғары. Қобда көпсалалы колледжі осы талап үдесінен шығуды көздейді. Кәсіптік-техникалық оқу орнында жастар кәсіби білім алып қана қоймай, шеберханада шыңдалып, мал шаруашылығында тәжірибе жинайды. Заманауи үйірмелерге қатысып, түрлі кәсіби байқауларда бақ сынайды. Басты мақсат – еңбек нарығына бейімделген, өз ісінің шебері болатын маман даярлау.