Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағнаев өңірдегі бірқатар ірі өндірістік, инвестициялық және әлеуметтік нысандарды аралады. Солардың бірі- "Автокомп" серіктестігі. Кәсіпорын метал және алюминий жабындарын сапалы бояумен айналысады. Жуырда құрылысқа қажетті алюминий бұйымдарын шығаратын цехті іске қосты.