5 күннен соң облыста суға шомылу маусымы басталады. Жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында қазір төтенше жағдайлар департаментінің мамандары өңірдегі су айдындарының түбін тексеріп, жағажайлардағы қауіпсіздікті бақылауға алды. Әзірге суға түсуге жарамды 13 жағажайға рұқсат берілді.