Облыс әкімі Асхат Шахаров Ұлыбританияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Салли Аксуорсимен кездесті. Жүздесу барысында тараптар білім беру, экология, туризм, инвестиция және технология салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Асхат Шахаров Ұлыбританияның Қазақстанның маңызды халықаралық серіктестерінің бірі екенін атап өтіп, Ақтөбе облысының британдық компаниялармен және ұйымдармен өзара іс-қимылды кеңейтуге мүдделі екенін жеткізді.