Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған орталық 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті. Мұнда қазір қиын жағдайға душар болған 8 ана мен 23 бала уақытша тұрып жатыр. Бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында аниматорлар шақырылып, ойындар мен көңілді бағдарламалар ұсынылды. Сонымен қатар, ойын-сауық орталықтары мен кинотеатрларға билет табысталып, тәтті балмұздақтар таратылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар балалардың көңіліне сенім ұялатып, қоғам қамқорлығын сезінуіне мүмкіндік береді.