7 маусым күні аймақта 4 ауылдық округтің әкімдері сайланады. Сайлау науқаны Темір ауданына қарасты Қайыңды ауылдық округінде, Хромтау ауданында Құдықсай, Тасөткел, сондай-ақ, Ырғыз ауданында Қызылжар ауылдық округінде өткізіледі. Бір округте орташа бәсекелестік 3 адамнан. Кандидаттардың ең үлкені 49 жаста. Ал ең жас үміткер 29-да.