Заң мен тәртіп қағидаларын түсіндіру мақсатында колледж студенттерімен кездесу өтті. Жиында жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, әсіресе соңғы кезде белең алған кибербуллинг мәселесі кеңінен талқыланды. Мамандардың айтуынша, бүгінде әлеуметтік желідегі қорқыту мен психологиялық қысым физикалық буллингтен де қауіпті бола бастаған. Өйткені интернет арқылы таралған әлімжеттік жасөспірімнің психологиясына ауыр соққы беріп, түрлі келеңсіз жағдайларға әкелуі мүмкін. Кездесу барысында жастарға кибербуллингтің зияны, оның салдары және заң алдындағы жауапкершілік туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сондай-ақ мамандар әлеуметтік желіні сауатты пайдалану, жеке деректердің қауіпсіздігін сақтау және интернеттегі мәдени қарым-қатынас қағидаларын түсіндірді.{