Өткен демалыс күндері 30/238 әскери бөлімінде әскер қатарына шақырылғандардың салтанатты әскери ант қабылдау рәсімі өтті. Қазақстанның әр өңірінен келген 150-ден астам жас Отанына абыроймен қызмет етуге, оның мүддесін қорғауға, әскери борышын абыроймен атқаруға ант берді.