«Аманат» партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты аймақ жастарымен диалог алаңын ұйымдастырды. Онда жас буынның шығармашылық қабілетін дамыту, жаңа перспективалар мен стартап жобаларды қолдау мәселелері талқыланды. Қатысушылар арнайы шақырылған қонақтарға сауал қойып, ұсыныстарын ортаға салды. Осылайша, аға буын мен жас буын бір толқында мағыналы әңгіме өрбітті.