Отбасылық зорлық - зомбылық деректері азайып келеді. Нақтырақ айтсақ, аймақта өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 82-ден 45 дерекке қысқарып, 27 пайызға азайған. Дегенмен, қоғам дертін толықтай жою негізгі мақсат. Сондықтан аймақта "Отбасыдағы зорлық - зомбылықсыз Қазақстан" атты акция басталды.