Қала күні аясында Михаил Ломоносов атындағы қалалық орталық кітапхана алаңында кітап көрмесі өтті. Онда Ақтөбе қаласының тарихы, көрікті жерлері мен танымал тұлғалары туралы әдебиеттер ұсынылды. Оқырмандармен бірге поэзия оқылып, жергілікті ақын-жазушылар шығармалары насихатталды. Сонымен қатар, қала тұрғындарына кітапханалардың визиткалары, жарнамалық буклеттер мен QR кітаптар бейнеленген жадынамалар таратылды. Шараның басты мақсаты - жастарды кітап оқуға баулу, туған өлкенің тарихы мен мәдени мұрасын дәріптеу.