Сондай-ақ, аймақ басшысы Мұғалжар ауданына жұмыс сапары барысында Ембі қаласына барып, қайта жаңғыртылып жатқан теміржол вокзалының жұмыс барысымен және қайта іске қосылған локомотив жөндеу депосының қызметімен, өндірістік мүмкіндіктерімен танысты. Ізімбет ауылы мен Ембі қаласы арасындағы жолдың жайы да назардан тыс қалмады.