Қазақ халқында Мұхтарлардың осалы жоқ. Әуезов, Мағауин, Шаханов...Бәрі де жұрт жадындағы тау тұлғалар. Бірақ, ақтөбеліктер үшін елден ерек бір Мұхтар бар. Ол белгілі қоғам қайраткері, профессор, ғалым - Мұхтар Арын. Биыл ағартушының 90 жылдық тойы, әрі бүгін әйгілі ұстаздың дүниеге келген күні. Сондықтан Құдайберген Жұбанов атындағы өңірлік университетте зиялы қауымның қатысуымен дөңгелек үстел өтті.