Жетістікке жетудің басты қағидасы- темірдей тәртіп, тынымсыз еңбек және заңға құрмет. Есет батыр атындағы олимпиадалық резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы аясында кездесу өтті. Облыстық жастар ресурстық орталығының маманы, теолог, құқық қорғау органдарының өкілі болашақ спортшылар алдында қоғамдағы өткір тақырыптарды қозғап, оң бағыт-бағдар сілтеді. Буллинг, ұрлық, нашақорлықтың жауапкершілігін түсіндіріп, кибералаяқтардан, теріс діни ағымдардан сақтанудың жолдарын айтты. Жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, уақыттарын тиімді пайдалануға шақырды. Әлемдік ареналарда көк байрағымызды көкке көтеретін чемпион болыңдар деп тілектерін білдірді.