Облыс аумағында "Қауіпсіз жол" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында өңіраралық патрульдеу жұмыстары күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр. Рейд 25-ші мамырға дейін жалғасады. Шараға Астана, Қарағанды және Қостанай облыстарынан қосымша күштер жұмылдырылып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында бірлесіп қызмет атқаруда. Жедел-профилактикалық акцияның алғашқы күнінде 500-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 7 жүргізуші масаң күйде көлік тізгіндеген. Сондай-ақ автокөлікті басқару құқығынан айырылған 7 азамат тәртіп сақшыларының назарына ілікті.