"Dara Bala" ақпараттық жүйесіне жасанды интеллект технологияларын енгізу жұмыстары жалғасуда. Платформаға алғашқыда фейс айди қызметі қосылса, енді бағдарлама арқылы әлеуметтік желідегі арыз-шағымдарды анықтап, шешуге мүмкіндік туды. Ал мемлекеттік органдардың жұмысына мониторинг жасайтын аналитикалық талдау қызметінде ай ассистенттер жұмыс істей бастады. Жүйеге заманауи цифрлық технологияларды енгізу Мемлекет басшысының білім беру саласын цифрландыру және инновациялық технологияларды дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асуда.