Санаулы күндерден кейін еліміздің мектептерінде соңғы қоңырау соғылады. Аймақта 190 мыңға тарта бала оқу жылын аяқтағалы отыр. 824 түлек "Алтын белгіден" үмітті. Осы ретте мектеп форматынан тыс сән-салтанатты іс-шаралар ұйымдастыру, ақша жинау, автокөлікпен шеруге шығу және басқа да мерекелеу түрлеріне жол берілмейді деді облыстың бас ұстазы Бұлбұл Күзембаева.