Соңғы жылдары өңірдің табиғи және киелі нысандарын көзімен көргісі келетін саяхаттаушылар саны көбейген. Яғни, ішкі туризмге қызығушылық артып отыр. Сондықтан жаңа бағыттар мен туристік инфрақұрылым дамыту маңызды. Атап айтқанда оған апаратын жолды жөндеу, туристерді көлік пен қонақ үймен қамту мәселесі облыс әкімінің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде қаралды.